Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеңіс Ысқақова әлсіз жігіттерге: Қораға қалай кірсең, тура солай шығасың, айналайын

Кезінде еш сынбаған қазақ жігіттері бүгінде депрессияға жиі ұшырайтын болған. Бұған аға-әпке буын өкілдері де өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасап. 

Жеңіс Ысқақова

Сурет: instagram.com/zhenisiskakova/?hl=ru

Депрессияға түсу – жалқау адамның тірлігі, дейді Жеңіс Ысқақова. 

«Хиттарым азайып қалды. Не болмаса мені тойға, концертке көп шақырмай қойды деп өзін жейтін әртістер болады. Кешіріңіз, жұмыс істеңіз. Әніңіз өтпеді ме, тағы біреуін  өзгелерге де ұнайтындай қылып айтыңыз», - деді әнші. 

Әрі қарай жұлдыз кез келген жағдайда тынбай әрекет етуге шақырды. 

«Депрессияға түсіп, бір жерде отырып алсаң, ешкім келіп сені құтқармайды. Қораға қалай кірдің, қорадан өзің шығасың, айналайын», - деп қорытты сөзін әнші. 

Естеріңізге сала кетсек, әнші барлық тапқан табысын күйеуіне беретінін айтқан еді. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 29 Қазан, 2019 17:55
Талқылау