Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеңімпаздар көп болады: Алғашқы АЭС-тың атауы қашан белгілі болмақ

Жеңімпаздар көп болады: Алғашқы АЭС-тың атауы қашан белгілі болмақ

Фото: Ru.freepik.com

Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қазақстандағы алғашқы АЭС-ке атау беру мәселесі қашан шешілетінін айтты. Байқау жеңімпаздарына сертификат табысталмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Жоспар бойынша қыркүйек айының соңына дейін қысқа тізімді іріктеу жұмыстарын аяқтау көзделген. Содан кейін түпкілікті шешімді арнайы құрылған комиссия қабылдайды. Оның құрамын бүгін жариялаймыз деп ойлаймын”, – деді Алмасадам Сәтқалиев.

Оның айтуынша, бұл байқауда жеңімпаздар өте көп болады. Жұмыс тобының алдын ала шешімі бойынша, шешуші атауға дауыс берген барлық азамат станцияның тең авторлары болып саналады. Олардың есімдері жарияланып, тиісті сертификат беріледі.

“Қазақстан азаматтары бұл станцияға өз үлесін қосқанын сезінгенінің өзі керемет деп ойлаймын. Бұл сана-сезім мен болашақ үшін маңызды. Энергетиканың дамуына үлес қосу ең үлкен жүлде деп санаймын”, – деді Атом энергиясы агенттігінің төрағасы.

Дауыс беру eGov Mobile арқылы өтеді.

Еске салайық, 11 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі алғашқы атом электр станциясына ең үздік атау табуға конкурс өткізуді ұсынған еді. 5 қыркүйекте Алматы облысы Жамбыл ауданында салынып жатқан алғашқы АЭС-ке атау беру жөніндегі жалпыұлттық конкурс өткізу мәселелері бойынша жұмыс тобының екінші отырысы өтті.

Конкурс комиссиясы ұсыныстарды мынадай критерийлер бойынша бағалайды:

  1. Танымал;

  2. Тарихи және мәдени маңызды;

  3. Атом энергетикасының имиджіне сәйкес;

  4. Құлаққа жағымды;

  5. Есте сақтауға жеңіл;

  6. Бірегей;

  7. Түпнұсқа.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 08 Қыркүйек, 2025 12:20
Талқылау