Жеңілдетілген салық жүйесіне қандай салалар кірмейді: Үкімет қаулыны бекітті
Фото: Gov.kz
Үкімет 2026 жылдан бастап жеңілдетілген декларацияға негізделген арнайы салық режимін қолдануға болмайтын қызмет түрлерінің соңғы тізімін бекітіп, жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бекітілген тізімді дайындауға мемлекеттік органдар, бизнес қауымдастықтары және қоғам белсенділері атсалысқан.
“Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мемлекет пен кәсіпкерлердің мүдделерін теңгерімді қамтамасыз ету басты мақсаты екенін және оған қол жеткізгенін атап өтті.
“Біз құжаттың соңғы нұсқасын аяқтадық және барынша көптеген адал кәсіпкерлердің өздеріне ыңғайлы жеңілдетілген режимде жұмысын жалғастыра алатындай жағдайға жеттік”, – делінген ҰКП хабарламасында.
Қандай салалар қара тізімге енді
Тізімге 44 ірі категория бар,олар 185 нақты экономикалық қызмет түрлерін классификациялауға дейін бөлінген. Бұл негізінен жоғары маржиналды немесе қатаң реттелетін салалар.
Жеңілдетілген декларацияны қолдануға тыйым салынатындар:
- Барлық қаржы, сақтандыру және делдалдық қызметтер, оның ішінде банктер, сақтандыру агенттері, брокерлер және ломбардар;
- Акцизге жататын өнімдерді өндіру және көтерме сату, сондай-ақ бензин, дизель отыны мен мазутты сату (сығылған газдың бөлшек саудасын қоспағанда);
- Консультациялық және маркетингтік қызметтер, бухгалтерлік есеп, аудит, адвокаттық және нотариалдық қызметтер;
- Тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды салу, жобалау, сондай-ақ тұрғын үйлер мен пәтерлерді сатып алу және сату;
- Құнды қазбаларды өндіру (алтын іздеуді қоспағанда), қара және түсті металдарды қайта өңдеу;
- Сауда нарықтарына және 1, 2, 3 категориядағы стационарлық сауда объектілеріне қатысты субаренда.
Айта кетейік, бұл шектеулердің 200 м²-ден аз аумақты 4 және 5 категориядағы объектілерге (минимаркеттер мен үй жанындағы дүкендер) қатысы жоқ.
“Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тізімге кірген экономикалық қызмет түрлерін классификациялау коды бар кәсіпкерлерге алдын ала жалпыға ортақ салық режиміне өтуге дайындалуды ұсынады. Палата кәсіпкерлерге 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап режимді өзгерткенде айыппұлдар мен техникалық қиындықтарсыз өтуі үшін қызметін аудиттен өткізуге кеңес береді.
Сонымен қатар, ҰКП жеңілдетілген декларация бойынша арнайы салық режимінің мәмілелеріне қатысты шегерімдер бойынша шектеулер бар екенін ескертті.
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді