Жеңіл атлетикадан ұлттық құраманы енді шетелдік маман жаттықтырады

Фото:Olympic.com
Елордада жеңіл атлетика федерациясының ресми жиналысы өтті. Аталмыш жиын барысында ұлттық құраманың жаңа бапкер анықталды. Қазақстанның жеңіл атлетика құрамасын енді украиналық маман Александр Апайчев жаттықтырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Осыған дейін бас жаттықтырушы қызметін Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, қазақстандық маман Дмитрий Карпов атқарған еді.
Александр Апайчев 1961 жылдың 6 мамырында Украинада дүниеге келген. Спорттық мансабында ол КСРО құрамасы сапында көптеген халықаралық жарыстарға қатысқан. Жаттықтырушы ретінде еңбек жолында Украина және Катар құрамаларында жұмыс істеген. Ол Олимпиада, әлем, Еуропа және Азия чемпионаттарына қатысқан жүлдегерлерді дайындаған тәжірибелі маман.
Отырыста Апайчев Қазақстан құрамасының алдағы оқу-жаттығу жоспарын таныстырып, басты мақсат ретінде 2026 жылғы жазғы Азия ойындары мен 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасына тыңғылықты дайындалу керек екеніне тоқталды.
Қазір ұлттық құраманың спортшылары жаңа жаттықтырушы жетекшілігімен Астанада оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.
Сонымен бірге жиында отандық жеңіл атлетиканың дамуына еңбегі сіңген бапкерлер мен төрешілер марапатталды. Қазылар алқасының төрағасы Денис Мосеев пен федерацияның статисті Лариса Ладинаға Туризм және спорт министрлігінің "Құрметті қызметкер" төсбелгісі табысталды.
Бұдан бөлек, Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевтың атынан Бахрейндегі жазғы жасөспірімдер Азия ойындарында жүлде алған жас спортшыларға алғыс хаттар берілді. Айтулы жиынға 300
0 метрге жүгіруден қола медаль алған Мұрат Нұрболсын және оның жеке бапкері Бақдәуір Үлкенбай қатысты.
“Кәріз иісі шығып жатыр”: Алматылықтар Тереңқұрдағы ағын суға канализация төгілді деп күдіктенді

