"Жеңгетай болсам деймін": Ләйлә Сұлтанқызы әнші Қазыбек Құрайышқа қыз іздеп жүр
Тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы танымал әнші, хитмен Қазыбек Құрайышқа қыз іздейтінін жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

БАҚ өкілі әншінің қыз таппай жүргенін айтып қалды.
"Бір сыдырғы інімнің биыл тойына барайық, ағайын. Жастар таныссын, үлкендер көмектессін, жеңгелер жеңгетай болсын. Несі бар... Жақсы бір ойым, ниетім ғана", – деп жазды медиа маманы.
Сондай-ақ ол қыздардың резюмелерін өзі қабылдайтынын, Қазыбекке қандай қыздар ұнайтынын білетінін айтып әзілдеді.
“Қыздар, бүгіннен бастап резюмені мен қабылдаймын. TikTok шулап жатыр екен, Қазыбектің қызы бар деп. Өсек таратпаймыз. Қызы туралы кеше сұрадым. Жоқ екенін айтты. Керемет қыз бұйырсыншы, шабыты ашылып, бізге күшті-күшті өлеңдерін айтады”, – деді тележурналист.
Еске салайық, "Ақшаң жоқ болса, кино түсірме" деп Қазыбек Құрайыш Дариға Бадықоваға жауап берген еді.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"