Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жеңгең ұстап жүрсе, ренжіме": Асқар Жұмаділдаевқа кәсіпкер жігіт телефон сыйлады

Белгілі математик, академик Асқар Жұмаділдаевқа кәсіпкер жігіт телефон сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Алғашқы” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жеке кәсіпкер Айбек Ақаев бағдарлама кезінде ғалымға шын жүректен лебізін білдіріп, телефон сыйлады. 

“Мектепте оқып жүргенде математикадан нашар болдық. Апайымыз сізді үнемі мақтайтын. Сізді бізге үлгі етіп отыратын. Бағдарламаға сіз келеді дегенді естіп сыйлығымды алып келдім”, – деп ағынан жарылды. 

Мұндай сыйлықты күтпеген ғалым тосылып қалды.

“Керек адам өзі тауып алады. Мен еш жаққа асықпаймын. Сыйлығыңа рахмет, бауырым! Маған мұндай сыйлайтындар көп, бірақ ертең жеңгең ұстап жүрсе, ренжіме. Бұл – негізі мықты нәрсе. Бірақ миым ашып кетеді.  Сонда да ұстап көрейін. Өркенің өссін!" – деп алғысын білдірді.

Академик жүрген жерінде телефонды не үшін ұстамайтынын айтып жүреді. 

“Мен өзіме ыңғайлы дүниелерді ғана пайдаланамын. Киім кисем, кеңінен, шалбар кисем, қалтасы көп дегендей. Маған телефон керек емес. Сондықтан ұстамаймын. Керек адам мені жұмыс орнымнан табады. 90-нан асқан шешем балалары мен немерелерінің фотосын көру үшін телефон ұстайды. Өзінің айтуынша, сипап қалса, немерелерінің фотосын көреді екен. Сонысымен ол зат қызық. Мен де ұстайтын шығармын, сипап қалғанда әкемнің фотосы шығатын”, – дейді академик. 

Еске салайық, академиктің 60 жас мерейтойы кезінде халыққа арнайы сұқбат бергенін жазған болатынбыз. 

 

Талқылау