"Жеңге болып тұр": Қазақстандық ер адам Дженнифер Лопеске қамзол кигізді

Фото: instagram.com/dinmukhammed
Қазақстандық Дінмұхаммед Сыздықов әнші Дженнифер Лопеске қазақ камзол кигізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дінмұхаммед Сыздықов атақтыларға шапан жауып, солармен фотоға түседі екен. Ол әнші Дженнифер Лопеске де ұлттық камзол кигізіп үлгерді.
"Мен Джей Лоға қазақ камзолын кигіздім. Әдемі қолөнер, Дженниферге қатты ұнады", – деді ер адам.
Желі қолданушылары фотоға сүйсінді.
"Жеңге боп тұр", "Керемет", "Дженниферге күшті жарасып тұр", "Қандай тамаша жұмыс" деп жазды қазақстандықтар.
Еске салсақ, депутат әнші Дженнифер Лопестің сахналық киіміне пікір білдіремін деп сынға қалған еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген