Женевада Ресей мен АҚШ президенті кездесті
Швейцарияның Женева қаласында Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Джо Байден арасындағы келіссөздер басталды.
“Саммит басталар алдында мемлекет басшылары қол алысып амандасты. Келіссөздер өтетін Ла Гранж вилласына бірінші болып Ресей президенті келді. Шамамен 12 минуттан кейін АҚШ көшбасшысы келді. Алдымен, екі мемлекет басшылары швейцариялық әріптесі Ги Пармеленмен амандасып, онымен ортақ суретке түсті”, – деп хабарлайды РИА Новости.
Владимир Путин Байденмен кездесу бастамасы үшін алғыс білдірді. Бұл Владимир Путин мен Джо Байденнің алғашқы кездесуі.
Екі держава басшыларының соңғы келіссөздері Хельсинкиде 2018 жылы өтті. Содан кейін Ресей Федерациясының президенті Байденнен бұрын президент болған Дональд Трамппен кездесті.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”