Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жемжемілдің көптеген емдік қасиеттерін білесіз бе?

Жемжеміл – астың дәмін келтіру үшін пайдаланылатын қышқыл дәмді өсімдік. Ал оның емдік қасиеті өз алдына бір төбе.

Ginger_Lemon

Егер сіз ауыз қуысы жарасынан зардап шегіп жүрген болсаңыз, ыстық жемжеміл суын шай орнына пайдаланып, күніне екі-үш рет аузыңызды шайсаңыз көп өтпей-ақ бұл дерттен ада-күде айығатын боласыз. Жемжемілдің басқа да емдік қасиеттері төмендегідей:

Тіс түбі қабынуын басады

Тісті ыстық жемжеміл суымен жуған соң ыстық жемжеміл суын шай орнына күніне бір-екі рет шайқайсыз. Әдетте, алты рет шайғаннан кейін тіс түбінің қабынуы негізінен басылады.

Жемжеміл суы жұтқыншақтың ісуіне де табылмайтын ем. Қабынуды басып, ісікті қайтарады.

Тіске қанқұрт түсудің алдын алады

Әр күні таңертең және кешке бір уақыт аузыңызды ыстық жемжеміл суымен шайып, күніне шай орнына бірнеше рет ішіп тұрсаңыз тісті қорғауға, тіске қанқұт түсуден сақтануға болады.

Бас ауруды басып, нерв әлсіздігінің алдын алады

Бас сақинасы ұстағанда ыстық жемжеміл суына қолыңызды 15 минут шамасында малып отырсаңыз ауырғаны біртіндеп басылады. Әр күні таңертең және кешке ыстық жемжеміл суынан бір-екі стакан ішіп тұрсаңыз, тынысыңызды жақсартып, рухыңызды серпілтеді.

Үнемі ішіп тұрсаңыз нерв әлсіреу, бас айналу, мазасыздану сияқты дерттерге шипа болады.

Мастықтан сергітеді

Ыстық жемжеміл суын мастықта ішсеңіз қан айналысын тездетіп, денедегі спиртті қорытады. Азырақ бал араластырып ішсеңіз денеге тіке сіміріледі де, мастықтан айықтырады.

Беттегі дақты кетіреді

Әр күні таңертең және кешке бетті жемжеміл суымен тазалап жуып тұрса, мұны екі ай уақыт жалғастырса беттегі дақты азайтады немесе жоғалтады. Осы әдіс арқылы беттегі секпілден құтылуға және беттің құрғауынан сақтануға болады.

Қайызғақты кетіріп, шаш түсуді азайтады.

Әуелі жемжемілмен шашты сулап, онан соң ыстық жемжеміл суымен шашты жусаңыз қайызғақты кетіреді. Үнемі жуып тұру арқылы шаш түсуді емдеуге болады. Жемжеміл суына азырақ сірке су қосып күніне 15 минут айналасында аяғыңызды шылар болсаңыз, аяқтағы иіс-қоңыстарды кетіреді, егер оған азырақ тұз қосып аяғыңызды шылар болсаңыз жел-құздан болған тұмау, жөтелді де емдеуге болады.

Талқылау