Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жемқорлықпен күресте дос та, дұшпан да жоқ": Қырғызстан президенті жиенінің тұтқындалуына қатысты пікір білдірді

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жиенінің тұтқындалуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kg агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Садыр Жапаров журналистерге берген сұхбатында сыбайлас жемқорлықпен күресте дос та, дұшпан да жоқ екенін айтты. Айтуынша заңды бұзғаны үшін сотталғандардың барлығы мемлекеттің бірінші тұлғаларымен туыстық дәрежесіне қарамастан жауапкершілікке тартылады.

"Қазір заман басқа. Барлығына заң бірдей. Жемқорлықпен айналыссаң қамауға алынасың. Мемлекетке екі еселенген шығынды өтейсің, кетесің. Әйтпесе түрмеге жабыласың. Мен араласып, бұл ағаны қамамаңыз десем, қалғандары да заң бұза бастайды. Қырғыздарда бір жаза мың адамға сабақ болады деген жақсы сөз бар”, – деді Садыр Жапаров. 

Талқылау