Қазақстанда жемқорларды мерзімінен бұрын бостандыққа шығармау нормасы Конституцияға сәйкес деп танылды
Қазақстанның конституциялық соты ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталғандарға шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдануды шектеудің заңдылығын растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: gov.kz
Конституциялық сот қылмыстық-атқару кодексінің (ҚКК) уақыт бойынша әрекетін реттейтін 2-бабының екінші бөлігінің Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы азаматтардың өтініштерін қарағанын атап өтті.
“Азаматтардың конституциялық сотқа жүгінуіне соттардың қылмыстық жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартуы себеп болды. Соттар өз шешімін ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталған адамдарға жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдануды шектейтін қылмыстық кодекстің және қылмыстық-атқару кодексінің тиісті баптарына сілтеме жасай отырып, уәждеді.
Өтініш иелерінің пікірінше, қылмыстық-атқару кодексінің дау айтылып отырған нормасы Конституцияға қайшы келеді. Кодекстің көрсетілген нормасының конституциялылығын тексеру нәтижелері бойынша конституциялық сот дау айтылып отырған норманы Конституцияға сәйкес деп таныды”, – делінген хабарламада.
-
Петропавлда сот төрағасы ірі көлемде пара алу кезінде ұсталды
-
Енді медицина қызметкерлерін соққыға жыққандар 3 жылға дейін сотталмақ
Конституциялық сот 2024 жылғы 16 мамырдағы №44 нормативтік қаулысында жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану-қолданбау мәселелері қолданыста болатын қылмыстық заңға сәйкес шешіледі деп көрсеткенін атап өтті.
Сонымен қатар, конституциялық сот сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз ету мақсатында жоғарғы сотқа ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарға шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану мәселелері бойынша қосымша түсіндірулер беруді ұсынды.
Еске салсақ, бұған дейін сот танымал вайнер Мейіржан Төребаевты шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шығарудан бас тартқаны туралы жазған едік.