Желтоқсан айында ауа-райы қандай болады
РМК желтоқсан айына арналған ауа райы болжамын жариялады.
Алдын ала болжам бойынша айдың алғашқы онкүндігінде ауа ағымдарының ықпалы болады. Оның салдарынан еліміздің барлық аймақтарында ауа райы жауын-шашынсыз болып, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Ауа температурасы батыста түнде 2-12 градус суық, күндіз 2-3 градус жылы болады. Ал, солтүстік, орталық және шығыста ауа температурасы түнде 10-20 градусқа, күндіз 2-10 градусқа дейін төмендейді.
Тек еліміздің оңтүстік бөлігіне айдың басында циклон ықпал етіп, жауын шашын болжанады. Ауа температурасы онкүндік бойы түнде 5-15 градус суық, күндіз 0-5 градус шамасында болып, кей жерлерді күннің жылынуы байқалуы мүмкін.
Ұзақ мерзімге болжам бойынша, екінші онкүндіктің басында және соңында, сондай-ақ үшінші онкүндіктің соңында үш салқын толқындар болуы ықтимал. Арктикалық теңізден енетін суық ауа ағымдарының салдарынан еліміздің солтүстік-шығыс бөлігінде екінші онкүндікте күн суытып түнде ауа температурасы 25-35 градусқа, күндіз 15…20 аязға дейін төмендейді.
Желтоқсан айында орташа айлық температурасы климаттық мәндерге жақын болады, тек Маңғыстау, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында мөлшерден төмен болмақ.
Тағы да оқыңыз:
ШҚО-да 81 жастағы атасы мүгедек қызын өрттен құтқарам деп қатты күйіп қалды
Елімізге танымал әншіні жат ағымға кіріп кеткені үшін әкесі байлап ұстап отыр