Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желтоқсан айына арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстанда желтоқсан айына арналған ауа райы болжамы жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Желтоқсанның басында және бір айдың ішінде республикамыздың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі. Солтүстік өңірде қар, аракідік боран соғады, оңтүстік өңірлерде жауын-шашын болады (жаңбыр, қар). Республикамыз бойынша тұман, көктайғақ жиі орын алады, айдың басында еліміздің солтүстік-батысында және солтүстігінде соққан желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болады деп болжанады. Желтоқсанның бірінші онкүндігінің екінші жартысында арктикалық суық ауа массаларының ығысуына байланысты бүкіл  ел аумағында ауа температурасы айтарлықтай төмендейді.

Елдің батысында ауа температурасы: түнде: -10...-20 градусқа дейін, күндіз: -3...-13 градусқа дейін суық болады.

Солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста және орталықта ауа температурасы түнде: -20...-30 градусқа дейін, күндіз -10...-20 градусқа дейін болады деп күтілуде.

Республикамыздың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнде: -10...-20 градусқа дейін, күндіз: -2...-10 градусқа дейін күн суытады.

Желтоқсанның екінші және үшінші онкүндіктерінде циклондардың әсерінен бірнеше қарқынды жылу толқындары жүреді деп күтіледі.

ҚР солтүстік бөлігінде ауа температурасы түнде: -5...-10 градусқа дейін, күндіз: 0...-5 градусқа дейін жоғарылайды.

ҚР оңтүстік бөлігінде ауа температурасы түнде: -3...+3 градусқа дейін, күндіз: +5...+13 градусқа дейін болады.

Алайда, жекелеген күндері солтүстік-батыстан енетін суық антициклондардың әсерінен температураның төмендеуі болжанады:

ҚР солтүстік бөлігінде ауа температурасы түнде: -20...-30 градусқа дейін, күндіз: -8...-15 градусқа дейі суытады.

ҚР оңтүстік бөлігінде ауа температурасы түнде: -10...-17 градусқа дейін, күндіз: -3...-10 градусқа дейін болады.

Жалпы болжам бойынша желтоқсан айында ел аумағындағы ауаның орташа температурасы нормадан 1- градус жоғары болады деп күтіледі. 

Желтоқсанда жауын-шашын мөлшері республикамыздың басым бөлігінде норма шамасында, республиканың солтүстігінде нормадан көп болады деп болжанады.  

Талқылау