Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Желім иіскеп, мас болып қалады": Алматы облысында 7-сынып оқушылары әлімжеттік көрдік деп шағымдануда

Алматы облысының Шоқан ауылында сұмдық жағдай. Ата-аналар жоғары сынып оқушыларының қысымын айтып көмек сұрайды. 

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың назарына! Алматы облысына қарасты Ескелді ауданындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектепте сұмдық жағдай, деп хабарлайды 31 арна

7- сыныптың оқушылары үлкен сыныптың балалары ақша сұрап, әлімжеттік көрсетті деп шағымданып отыр. Жәбір көрдік деген балалардың сөзінше, 10-11 сыныптың оқушылары кіші сыныптың балаларын желімге жіберіп, оны иіскеп, ойларына келгендерін жасатады екен.

"Бізді желімге жұмсап, өздері соны иіскейді. Сосын мас адам құсап жүреді. Бізді отырғызып-тұрғызып қинайды", - деді 7-сынып оқушысы.

Оның сөзін басқа құрдастары да растады. Алайда 11-сынып оқушылары кіші сынып оқушыларын қысым жасамаймыз деп ақталды. Керісінше кіші сынып оқушылары "фрифайер" ойынып ойнап, ақшасын сонда құртады деп отыр. 

Шағымданған ата-ананың бірі жағдайды министрлікке дейі жеткізем деп ашынды. Баласына жасалған қысымның тоқтатылуын талап етті. 

Ал, Ескелдіби ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында дүкен сатушысы "Супермонолит" желісін оқушылардың көбі сатып алады деп отыр. Алайда камера алдында ашық сұхбат беруден бас тартты. 

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 194-бабының 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқушының ата-анасынан полицияға ресми арыз түскен жоқ. Тергеу ісі Ескелді ауданы полициясының өндірісінде және облыстық департаменттің бақылауына алынды.

Талқылау