Желідегілер “Салтанат Бақаева үшінші перзентіне жүкті” деп болжады
Кеше ғана қар жауып, қыс ұзаққа дейін созылатындай көрініп еді. Қуанышқа орай, ақ ұлпа қар тез еріп, ізім-ғайып болды. Ал жұрт көктемнің қалай өтіп кеткенін білмей, жаз мезгілін қарсы алды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Әсіресе, еліміздің оңтүстік өңірінде тұратындар жылы киімдерін сандыққа салып, жеңіл киімдерін шығарып, көп уақытын сыртта өткізіп жүр. Олардың арасында актриса әрі әнші Салтанат Бақаева да бар.
Салтанат өткен демалысты отбасының ортасында өткізді. Ол жолдасын, қайын енесі мен қос ұлын ертіп, Алматының әсем табиғатын тамашалады.
Демалыс сәттерін желіге жүктеген кезде Салтанат елдің талқысына түсетінін білмесе керек-ті.
Мәселе мынада. Бәрін байқап отыратын желі оқырмандары Салтанаттың соңғы суреттеріне қарап, оны жүкті деп болжады. Актриса оқырмандардың сауалына жауап бермеді.
Дегенмен тәжірибе “халықтың қалып айтпайтынын” талай рет көрсетті. Кім білсін, бәлкім расында да елдің сүйікті де ерке қызы үшінші рет ана атануға дайындалып жүрген шығар?! Оны жақында білетін боламыз.
Жіберіп алмаңыз:
Рано Омарова әріптестеріне көйлектерін сатып, ақшаны науқас балаға беруді ұсынды
Ерке Есмахан продюсері Баян Есентаевадан кетіп қалды
Жуырда аяққа тұрған Ернар жаңа бейнебаянымен қуантты (видео)
Қарақат Әбілдина бесінші баласын өмірге әкелді