Желідегілер 1937 жылғы суреттегі үндістің қолынан Iphone телефонын байқап қойды
Әлеуметтік желі қолданушылары ХХ ғасырдың алғашқы жартысында салынған суреттен ерекше құбылысты байқап қойды. Олар өткен ғасыр адамының қолынан Iphone телефонына ұқсас құрылғыны тапты.
Бұл туралы шетелдік MotherBoard басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Мұнда сөз италиялық суретші Умберто Романоның «Пинчон мырза және Спрингфилд қонысы” атты картинасы жайында болып отыр. Аталған сурет шамамен 1937 жылы салынған.
Аңғарымпаз желі оқырмандары картинаның оң жақ бөлігіндегі үндіс азаматының қолынан iPhone телефонына ұқсас затты көріп таңғалды. Шын мәнінде суретшінің нені бейнелегені белгісіз болып отыр. Пікір қалдырушылардың болжамынша, үндістің қолында дұға етуге арналған зат, ұстара немесе айна болуы әбден мүмкін.
Аталған картина Массачусетс штатының Капитолия аймағында көрмеге қойылған. Суретте 1630 жылдардағы оқиға бейнеленген, онда ағылшын қоныстанушылары байырғы америкалық тайпалар – покумтук пен нипмукпен соғысқан.
Жіберіп алмаңыз:
Лотереядан 785 миллион доллар жеңіп алған әйел бірден жұмысымен қош айтысты
Жас жұбайлар өздері 13 жыл бұрын танысқан автобус ішінде тойларын жасады
Тележүргізушінің үстеліне шығып кеткен кішкентай қыз тікелей эфирді бүлдіре жаздады (видео)
Таиландта құтқарушылар құдайларды жол апатын болдырмауға шақырып, 311 марқұмның рухын ұстап алды