Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лотереядан 785 миллион доллар жеңіп алған әйел бірден жұмысымен қош айтысты

Массачусетс штатында медициналық қызметкер Мэвис Уончик 758,7 миллион долларлық лотереяны жеңіп алғаннан кейін тез арада жұмысынан кетіп қалды.

2017082512564387621_1

Бұл туралы Guardian хабарлайды.

“Мен оларға хабарласып енді келмейтінімді айттым. Бірінші жұмысым тамақтанып, рахатқа бату болды”, – дейді әйел. Ол медициналық мекемеде 32 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр екен.

Ол жалпы саны бес билет сатып алып, оның екеуін толтырып берген. Бақытына орай толтырған сандары сәтті шығып, ол ең ірі ұтыс билетіне ие болады. Әйел бір ай бұрын ғана Фейсбук желісіне ұзақ мерзімді демалысқа шыққысы келетінін жазған екен.

Оның ересек ұлы мен қызы бар.

“Оларға енді әртүрлі адамдар әртүрлі ұсыныстармен келе бастайды. Мен оларға өте сапалы адвокат жалдап, ақшаны қалай жұмсауды мұқият түрде ойластыруды ұсынар едім”, – деп пікір білдірді штаттың қаржы министрі Деб Гольдберг.

Енді жеңімпаз әйел салыққа ұсталатын ақыны есептегенде, қолына 480,5 миллион доллар алады.

Оқи отырыңыз:

Өзін 15 еркек зорлады деген лесбиянка қыз өтірік айтқаны үшін сотталды

Тележүргізушінің үстеліне шығып кеткен кішкентай қыз тікелей эфирді бүлдіре жаздады (видео)

Әлеуметтік желідегі бір хабарлама қарапайым шаруаға Меккеге баруға мүмкіндік берді

Таиландта құтқарушылар құдайларды жол апатын болдырмауға шақырып, 311 марқұмның рухын ұстап алды

Талқылау