Соңғы жаңалықтар

Желідегі видео: ІІМ Қордайдағы тәртіпсіздіктердің неден басталғанын мәлімдеді

7 ақпанда Жамбыл облысының Қордай ауданында болған оқиғалардың хронологиясын Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди жариялады.

«Сағат 19: 00-де Масанчи ауылының шетінде жергілікті тұрғындар арасында бұзақылық ниетпен топтық төбелес болып, оған 70-ке жуық адам қатысты. Қақтығыс болған жерге Қордай полиция бөлімі келді. Алайда, сол кезде арандатушылар мен куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп алып, түрлі пікірлермен әлеуметтік желілерге тарата бастаған.

Бұл қақтығыстың өршуіне және жақын орналасқан елді мекендердің тартылуына себеп болды. Онда шамамен 300 адам болған»

Ол Масанчи және Сортөбе ауылдарында заң мен тәртіпті қамтамасыз ету үшін көрші үш аудандардан - Мерке, Тұрар Рысқұлов және Шудан қосымша күштер жіберілгенін атап өтті. «Ашулы жастар полицияның заңды талаптарын орындаудан бас тартып, оларға тас, металл заттарды және атыс қаруын қолданып қарсылық көрсетті. Бірте-бірте қақтығыс Ауқатты және Болан батыр ауылдарына тарап, адамдар ке жерлерді өртей бастаған», - деді Калайчиди.

Министр орынбасарының айтуынша, оқиға орнына полиция мен Ұлттық ұлан қосымша келген, содан кейін қақтығыс біртіндеп түнгі сағат екі шамасында тоқталды.

«Сонымен бірге, полиция қаруы қолданылмағанын атап өткім келеді. Біріншіден, жанжал түнде ауылда болды. Өрттен 25 жеке үй, 31 сауда нысаны және 41 автомобиль зақымдалған. Осы фактілерді тексеру үшін жедел-тергеу тобы құрылды », - дейді ол.

Еске салсақ, 7 ақпанда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Масанчи ауылында тұрғындар арасында топтық төбелес болған. Жамбыл облысы бойынша полиция департаментінің тергеу бөлімі, ҚР ҚК-нің 2-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. ҚР ҚК 293-бабы (бұзақылық). Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де болған оқиғаға түсініктеме берді. «Жамбыл облысындағы тәртіпсіздікке кінәлі адамдар жазаланады», - деп жазды мемлекет басшысы.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Сыныптасымен ұрысып қалған: Көз жұмған оқушының ата-анасы ұлдарының өз ажалынан өлгеніне сенбейді

Түркістан облысында оқушы жұмбақ жағдайда көз жұмды.

Наразылық білдірген ШҚО тұрғындары ауруханадан кереуеттер мен төсек-орындарды шығарып тастаған

Шығыс Қазақстан облысындағы екі ауылдың тұрғындары аймақта коронавирус жұқтырған қытайлық жұмысшылар жүр деп шу шығарып, желіде бұл ақпарат қызу талқыға түскен.

ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының жаңа орынбасары тағайындалды

20.02.2020: Қазақстандықтар некеге отырудан рекорд орнатты

2020 жылдың екінші айының жиырмасыншы жұлдызында шаңырақ көтерушілердің саны сегіз жүз жұп, өткен жылмен салыстырғанда төрт есе аз

Түркістан облысында қару алып қашқан сарбаз ұсталды

Ордабасы ауданы Бадам станциясы маңындағы әскери бөлімнен 30 атыс қаруын ұрлап қашқан сарбаз ұсталды

Коронавируске қарсы күші бар тағы бір дәрімек аталды

Бұл препараттың десек те жағымсыз ықпалы да анықталған

"Пайдалы өнім шығармыз келді": Қазақстанда алтыншы сынып оқушылары өз кәсіптерін ашты

Олардың еңбекқұмарлығы танымал кәсіпкерді қайран қалдырған

Алматы облысында полицейлер есірткі сатумен айналысқан

Бұған қоса полиция қызметкерлері кейбір қылмыстарға көзжұма қарағаны анықталыпты

Қазақстанның бас прокуратурасы халыққа үндеу жариялады

Бас прокурордың орынбасары халықты араңдатушылыққа салынбауға шақырды

Той - қуаныш сыйлайтын мереке: Мәдениеттанушы той жасау үшін несие алатындардың сөзін сөйледі

Сөзінше, қалың жұртшылыққа асыр салып, той тойлайтындарды жазғырмау керек
Çàãðóçêà...