Желіде Ыстанбұлдағы клубқа жасалған шабуылдың видеосы пайда болды (видео)
Желіде Ыстанбұлдағы Reina клубына жасалған шабуылдың жаңа видеосы пайда болды. Бейнебақылау камераларына түсіп қалған кадрдан қаруланған ер адамның клубқа кіріп келіп, клуб келушілеріне оқ ата бастағанын көруге болады.
Бұған дейін желіде шабуылдың басталуының видеосы пайда болған еді. Кадрдан қолында автоматы бар ер адамның ғимараттың жанына жүгіріп келіп, есіктің алдында тұрған адамдарға оқ жаудырғанын көруге болады.
Footage shows how the attacker is entering the Reina nightclub in Istanbul’s Ortaköy where he killed 39 people. pic.twitter.com/orlAv9nkcT
— andreas korinov (@andreaskorinov) 1 января 2017 г.
Ыстанбұлдағы Reina түнгі клубына жаңа жыл түнінде шабуыл жасалды. Қаруланған террорист полицейді атып, ішінде шамамен 700-ге жуық адам болған ғимаратқа басып кіріп оқ атты. Соңғы мәлімет бойынша, 39 адам қаза тауып, 69 адам жарақат алды. Қылмыскер іздестіріліп жатыр.
#Istanbul: Terrorists dressed as Santa and armed with AK-47 & grenades attacked the #Reina Nightclub in #Istanbul. Many people feared dead. pic.twitter.com/n0nVkN7nDa
— WorldOnAlert (@worldonalert) 31 декабря 2016 г.
Жіберіп алмаңыз:
Сәби кезінен денесі өспей леген ішінде өмір сүрген 19 жастағы қыз көз жұмды (фото)