AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде тепловоз бен жеңіл көлік соқтығысқан сәттің видеосы тарады

Желіде Жаңаөзенде тепловоз бен жеңіл автокөліктің соқтығысқан видеосы пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz. порталына сілтеме жасап. 

Тепловоз бен Mercedes соқтығысқан жол апатын тергеу аясында полиция теміржол өткелінде орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеоны тәркілеген.

Жаңаөзен полициясы теміржол өткеліндегі жол апатына кім кінәлі екенін анықтады. Жол қозғалысы ережесін бұзу сәті даладағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Жол апаты 8 сәуірде күндіз сағат он бір шамасында Арай шағын ауданындағы "Қанағат" дәмханасының ауданыдағы теміржол өткелінде болған. 

"Mercedes Benz жүргізушісі теміржол өткелінен өтетін кезде тоқтамай, теміржол жолағына өтіп, тепловоз қозғалысына кедергі келтірген. Осының салдарынан екі көлік соқтығысып қалған", - деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция хабарлағандай, жол апатынан зардап шеккендер мен көз жұмғандар жоқ.

"Көлік жүргізушісіне қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 610-бабының 1-бөлігі " Көлiк жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзуы көлiкті, жүктердi, жолдарды, жолдағы және басқа да нысандардың немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келуі, материалдық залал келтiруі" бойынша хаттама толтырылды", - деп нақтылады полицейлер.

Апатқа кінәлі болған жүргізуші 20 АЕК , яғни 61 260 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл төлеуге тиіс. Әйтпесе ол жарты жылға жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр