Желіде тәліптердің балалар аттракционында көңіл көтеріп жүрген видеолары тарады
Желіде "Талибан" қозғалысының (Қазақстан, Ресей және басқа да бірқатар елдерде тыйым салынған) содырлары ойын-сауық саябақтарында көңіл көтеріп жүргені түсірілген видеолар жарияланды.

Evening Standard хабарлағандай, Ауғанстанда билікке келген тәліптер 20 жылдық соғыстың аяқталғанын тойлап жатыр. Жарияланған кадрлардан тәліптердің балалар карусельдеріне мініп, көңіл көтеріп, батутта секіріп жүргенін көруге болады.
Сонымен қатар содырлардың өздерімен бірге қару алып жүргені байқалады.
Taliban's terrorists right now: pic.twitter.com/2F8qHzw6No
— Asaad Hanna (@AsaadHannaa) August 16, 2021
Интернетте пайда болған бейнелер Кабул мен Герат қалаларындағы ойын-сауық саябақтарында және басқа да объектілерде түсірілген деп болжануда. Тағы бір жарияланған видео президент сарайындағы спорт залында түсірілген, оны бұрын Ауғанстанның бұрынғы президенті Ашраф Гани тастап кеткен.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен