Желіде шалбарын шешіп, балаларға жыныс мүшесін көрсеткен ер адамның видеосы тарады (видео)
Желіде шалбарын шешіп, балаларға жыныс мүшесін көрсеткен ер адамды жергілікті тұрғынның ұстап алған видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан алынды
Оқиға Алматыда орын алған. Кадрлардан тұрғынның ер адамды жерге құлатып, чаттарға жіберіп, балалардың қайсысына қорлық көрсеткенін анықтау үшін видеоға түсірген.
Алматы полиция департаменті фактіні растап, 27 жастағы ер адамды қамауға алды.
"1996 жылы туған азамат А.-ға қатысты әкімшілік шара қолданылып, оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігімен "Ұсақ бұзақылық" бойынша хаттама толтырылды. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Павлодар облысы Екібастұз қаласындағы "Жасыбай" спорт кешенінде өткен жарыс кезінде белгісіз ер адам шалбарын шешіп, балаларды видеоға түсіріп алғаны туралы жазған едік.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”