Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде полиция қызметкерінің жол ережесін бұзып, би билеген сәті түсірілген видео пайда болды

Желіде полиция қызметкерінің жол ережесін өрескел бұзып, би билеген сәті түсірілген видео пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Бейнеден алынды

Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, бұл дерек бойынша тексеру жүргізілген.

"Айта кетейік, бейне бір-біріне еш қатысы жоқ контекстен алынған бірнеше эпизодтан жинақталған. Автокөліктері бар фрагменттерде азаматтық тұлғалар жүр, олар жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғаны үшін  жауапкершілікке тартылатын болады. Ал ер адам билеп жүрген эпизодта ішкі істер органдарында қызмет етіп жүргеніне бір ай уақыт болған К.есімді полиция лейтенанты.

Оның айтуынша, билеп жүрген видеоны оның досы бірнеше ай бұрын түсіріп алған, ол кезде лейтенант әлі полицияға жұмысқа кірмеген. Аталған дерек бойынша қызметтік тексеру жүргізілуде", - деді Алматы қалалық полиция департаменті.

Талқылау