Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде Өскемендік прокурорлардың көңілді отырысынан видео тарады: Облыс прокуратурасы түсініктеме берді

Желіде би алаңында көңіл көтеріп жүрген адамдардың видосы пайда болды. Жарияланым авторларының сөзіне қарағанда, кадрларда Өскемен қаласының прокурорлары бар. Жергілікті органның баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бейне Kozachkov offside Telegram арнасында пайда болды.  Кадрлардан ер адамның би алаңында көңіл көтеріп, өзін телефонның алдыңғы камерасына түсіріп жатқанын көруге болады. Сосын қасында би билеп тұрған қызды көрсетеді.

"Өскемен қаласының прокурорлары керемет, олар жақсы жұмыс істейді, жақсы демалады! Бір ғана сұрақ туындайды: карантин кезеңінде түсірілмеген бе?" - деп жарияланымның авторы қызығушылық танытты.

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі видеомен танысқанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта бұл фактілерді біз тексеріп жатырмыз", - деп қысқаша жауап берді құқық қорғау органдары.

STAN.KZ
Бейсенбі, 03 Қыркүйек, 2020 15:21
Талқылау