Желіде қызылордалық шенеуніктердің көңіл көтерген суреттері пайда болды (фото)
Қызылорда облысында әртүрлі деңгейдегі 50 шақты шенеунік әлеуметтік желіге қоғамдық орындардағы көңіл көтерген суреттерді жария еткені үшін жазаланды.
Бұған дейін аталмыш шенеуніктердің ескерту мен сөгіс алғаны хабарланған болатын. Енді бүгін ҚР мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі осы оқиғаға себеп болған кей суреттерді көпшілік назарына ұсынып отыр.
“Заңға сәйкес әрбір мемлекеттік қызметкер қызметке кірісер алдында этикалық кодекске қатысты бірқатар шектеулермен танысады. Сол себепті көпшілікке қымбат заттарын паш ету, әдепсіз сөздер айту және әлеуметтік желіде жариялы түрде ыңғайсыз әрекеттерін көрсету жіберілуге болмайтын қателіктер”, – дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Абзал Мұхимов.
Агенттіктің “көзіне ілігіп қалғандар” қатарында бас мамандар, әртүрлі аудандар әкімдігіндегі қызметкерлер бар.
Оқи отырыңыз:
Есімов елбасыға ЭКСПО аяқталған соң нысандарды қалай пайдалануға болатынын айтты
Халқы танымайтын парламентте қартайған депутаттардың тізімі шықты
Елбасы: Орыс тілділер үшін кириллица қолданыста қала бермек
Ақмола облысының бұрынғы әкімінің ұлы Алматы қаласының аудан әкімі болды