Желіде Қуандық Бишімбаевтың “ұсталғаннан кейінгі” фотосы пайда болды
Әлеуметтік желіде бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев бейнелеген фотосы тарап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото әлеуметтік желіден алынды
Суретте экс-шенеунікті полиция қызметкерлері қоршап алған. Желі қолданушылары суреттің Астанада 9 қараша күні түсірілгенін жазған. Сурет Бишімбаевты ұстау кезінде түсірілгені айтылды.
Еске салсақ, бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған едік. Кейіннен марқұм әйелінің қазасына қатысты жаңа деректер пайда болып, оның жүкті болуы мүмкін екені айтылды.
Бұрын сыбайлас жемқорлық айыбымен 10 жылға сотталған экс-шенеунік түрмеден мерзімінен бұрын босап шыққан. Әлеуметтік желіде кейбір қолданушылар “егер түрмеден босатпағанда, мұндай ауыр қылмыс болмас еді” деп, сотқа көңіл толмаушылық білдіруде.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ