Желі қолданушылары Павлодар атауын "Сарыарқа" деп өзгерту туралы ұсынысты талқылауда
Желіде Павлодар қаласының атауын "Сарыарқа" деп ауыстыру туралы пікір қызу талқылануда. Бұл туралы қалалық әкімдік пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Кейбір блогерлер Павлодарды Сарыарқа деп атай бастаған. Желі қолданушылары бұны қала әкімдігі әдейі ұйымдастырып жатыр деген пікір жазды. Десек те, жергілікті билік мұндай шешім қарастырылып жатқан деп қысқа кесті.
"Павлодар қаласының атауын өзгерту жөніндегі ономастикалық комиссияға ешқандай өтініштер мен ұсыныстар түскен жоқ. Қала әкімдігі бұл мәселені қарастырмайды. Тиісінше, блогерлерге ешқандай тапсырыс жасалмады, бұл біздің PR шарамыз емес", – деді әкімдік өкілдері.
Еске салсақ, бұған дейін облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов мұндай мәселе қарастырылып жатқан жоқ деген еді.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді