Желіде Қайрат Нұртастың тағы бір жас қызбен түскен суреті тарады
Қайрат Нұртастың желіде жас қызбен түскен суреті жарияланды. Суретті әншінің өзі жария етті. Әнші сауал қойып, желі оқырмандарын қызықтырып қойды.
Желіде әншінің жас қызбен түскен суреті жарияланды. Фотоны әнші өз парақшасында жария еткен.
Әнші гүл алып, оны әлдебір бойжеткенге сыйға тартты.
"Бүгін шоқ гүлдеріммен бір жерге бара жатырмын, бұл гүлді кімге беретінімді айтпаймын”, – деп жазды ол.
Қайрат Нұртас парақшасында достарымен жүрген сәтін жариялады.
“Бұлар – менің достарым. Ерекше достарым. Алла разылығы үшін дос болып жүрміз. Естеріңізде болсын”, – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары әртүрлі болжам жасады.
“Қарындасы шығар, туыстары ғой”, “Бұл бойжеткен кім?”, “Туыстары болған соң жариялап тұрған шығар”, “Әдемі екен, “Қайратқа Жұлдыздан басқа тең қыз жоқ секілді”, “Бұл да интрига жасаудан жалықпайды екен”, “Әншілердің өмірі жақсы болды ғой”, “Кім екенін өзіңіз айтпайсыз ба?”, “Бізге кімнің кіммен, не үшін дос болып жүргені не үшін керек?”– деп жазды олар.
Айта кетейік, Instagram-да Қайрат Нұртастың Меккеде жылап жүрген видеосы тарады.
Бұған дейін әкесі Қайрат пен Жұлдыздың бірге екенін айтқан еді.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
