Желіде Қайрат Нұртастың отбасының суреттері пайда болды (фото, видео)
Қайрат Нұртас жеке өмірін, отбасын тыңдармандар назарынан тасада ұстайтын әнші. Әйелі не балалары туралы сұраған жандарға Қайрат жауап бермейді. Анығында, журналистерді анасы әрі продюсері Гүлзира Үсенқызына жібереді, деп хабарлайды Stan.kz.
Өз кезегінде продюсер-ана да жауаптан жалтарып, әншінің жеке өміріне қатысты сұрақтар қоймауды сұрайды.
Қайраттың жұлдызын жаққан алғашқы «Арман» атты бейнебаянындағы Жұлдыз есімді аруды жұрт жақсы біледі. Халықтың пікірінше, Қайраттың заңды жұбайы әрі балаларының анасы да осы “Армандағы” бойжеткен.
Қайрат бүгінгі танымалдылығына қол жеткізбей тұрғанда-ақ бұл қызды бірнеше бейнебаянына түсіріп үлгерген. Тіпті, әншінің бір туындысы олардың үйлену тойына арналған-ды.
Алайда арада біраз уақыт өтіп, Қайраттың танымалдылығы арта түскен соң әнші «жеке өміріме жол жабық» деп жар салды. Әлі күнге дейін жұрт оның әйелі мен балалары туралы түрлі болжамдар жасауда.
Алайда Қайрат пен оның анасы қанша тырысып баққанымен, желіде оның отбасының суреттері тарап кеткен.
Жіберіп алмаңыз:
Сыйлыққа берілген күрте: Қайрат Нұртастың әрекеті жұрттың жүрегін елжіретті (видео)
ОҚО-да Қайрат Нұртас мүгедек балаларға тосынсый жасады (видео)
Актер Аманғали Сыпабеков алғашқы бейнебаянын жарыққа шығарды (видео)
Рано Омарова күйеуінің талабы бойынша сахнаға шығудан бас тартты