Желіде Каспий теңізінен табылған зымыран сүңгуірінің видеосы тарады
Фотосы: Видео кадрларынан
Желіде Каспий теңізінен белгісіз ядролық зымыран сүңгуір қайығының су бетінде қалқып жүрген видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кадрларда пішіні бойынша субмаринге ұқсайтын ұзын тот басқан фрагмент көрсетілген. Каспий теңізінде табылған сүңгуір қайықтың бейнесі жергілікті Instagram парақшасында тарады.
Кадрларға балық инспекциясы басқармасының Түпқараған аудандық бөлімінің басшысы Конарбай Базарбаев түсініктеме берді. Ол бейнеде айтылған ақпараттың жалған екенін жеткізі.
-
Каспий жағалауынан тағы да он шақты итбалық пен құстардың өлексесі табылды
-
Каспий теңізі мен Қара теңізді жерасты тоннелімен біріктіру ұсынылды
"Бұл ядролық сүңгуір қайық емес. Бейнеде ескі кемелердің бірінің қалдығы көрсетілген. 100 пайыз айта аламын, бұл сүңгуір қайық емес. Біз Каспийдің солтүстік бөлігін үнемі тексереміз. Көптеген ескі кеме фрагменттерін көреміз. Қазір теңіздегі су деңгейі төмендеген. Бұрын бұл қоқыстар су астында, 5-7 метр тереңдікте жатып көрінбеген. Ал қазір теңіз тереңдігі шамамен 3 метрді құрайды. Сондықтан батып кеткен кемелерді көруге болады", - деді Қонарбай Базарбаев.

"Жиырмадан асқан жігіттер қырындайды": Қызының қатарласындай жас көрінетін 40 жастағы қазақстандық әйел желі жұлдызына айналды
