Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде жаңа iPhone 17 Pro-ның фотолары тарады

Фото: Х әлеуметтік желі

X әлеуметтік желісінде iPhone 17 Pro смартфонының алғашқы фотолары көрсетілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

24 маусымда инсайдер Маджин Бу iPhone 17 Pro фотоларын жариялады. iPhone 17-нің камерасы өзгерген, бұл Apple смартфонының дизайнын жаңартқанын анық көрсетеді.

Енді ескі iPhone телефондарының чехолдары iPhone 17 Pro-ға жарамайды.


Apple бөлек қуаттайтын чехолы бар iPhone-ды шығармақ


Хакерлер Apple, Google және Telegram аккаунттарындағы 16 миллиард құпия сөзді желіге жариялап жіберген


Apple жарқылы мен LiDAR датчигін қарама-қарсы жаққа жылжытты. 

Алдын ала мәлімет бойынша, iPhone 17 Pro камерасының өзі де өзгереді. Apple жаңа 48 МП фото объективін енгізбек. Ал видео түсіру кезінде режимдерді ауыстыру функциясы және 24 МП алдыңғы камераны орнатуды жоспарлап отыр.

Еске салсақ, Apple компаниясы пайдаланушылардың цифрлық қауіпсіздігіне төнген үлкен қауіпке байланысты бәсекелестерінің бірінің қосымшасын дереу өшіруге кеңес берген еді. 

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 26 Маусым, 2025 10:07
Талқылау