Желіде Ерке Есмаханның көз жұмғаны жөнінде ақпарат тараған
Желіде Ерке Есмаханның көз жұмғаны жөнінде ақпарат тараған. Қаралы жалған хабарды YouTube арналарының бірі таратқан. Әнші "өзін өлтіргендерге" жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Мына қасиетсіз, тәрбиесіз инста, ютуб порталдарға не істеуге болады, а? Не деген Құдайдан қорықпайтын адамдар? Өсек, өтірікті қойып, өздері өлмейтіндей неге бұндай жасайды?
Ата-анасы бауыр, балалары жоқ адамдар ма? Біреуге өлім тілегенше, өздеріңе бақытты өмір тілесеңдерші. Лайк, коммент, подписчик үшін ардан безгендер. Алладан қорықпай, осылай жазуға, суретті осылай салуға қалай дәттерің барады?" - деп ашуланды әнші.
Ерке адамдардың әрекеттеріне қарап, ақырзаманның жақындап келе жатқанын болжады.
"Есесіне өмір жасың ұзақ болады, Ерке, ашуланба, дегенге жатпайды бұндай! Ол бұрынғы заманда қателесіп ауыл-аймаққа естіртіп жіберсе, "ой кешір, өмір жасың ұзақ болсын" деп қателескендерін жуып-шайған.
Ал мынау таза адамдардың қолдан жасап отырған дүниесі. Алладан безген ақымақтар. Ақырзаман осы шығар?! Күннен күнге адамдардың пейілі мен лас ойлары мені таң қалдырады. Бір Аллаға тапсырдым", - деді ол.