AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде бір топ адамның бірнеше итті ұрып жатқан видеосы таралды: Полиция тексеруді бастады

Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде ер адам мен төрт жасөспірімнің бірнеше итті ұрып жатқаны түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиғаның нақты қай жерде болғаны әлі анықталмады. 

Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов видеоға қатысты пікір білдірді. 

“Қосымша ақпарат алу үшін осы парақшаның әкімшілеріне хабарлама жібердік. Жануарларды кімдердің қорлағанын анықтаймыз. Егер оқиға Алматыда орын алса тергеу жүргізіледі. Ал басқа өңірде болса әріптестерімізге береміз”, – деп жазды Әбдірахманов Telegram каналында парақшаның әкімшілеріне жолдаған өтінішінің скриншотын салып. 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда жануарларды қорлағандарға қатысты жазаны күшейту туралы заң қабылданды. Ол наурыздың бірінен бастап күшіне енетін болады. Қазіргі кезде жануарларға қарсы жасалып жатқан көптеген қылмыстар жазасыз қалып жатыр. Бірнеше күн бұрын өз балконында мысықтарды өлтіріп, іліп қойған Атырау тұрғынының жауапкершіліктен босатылғаны белгілі болды.

Назар аударыңыз, видеода зорлық-зомбылық көріністері бар!

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр