Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде әйелдің әжейді ұрып жатқан видеосы тарады: Оқиғаның мән-жайы анықталды (видео)

Желіде қарт әжейді жас әйелдің аяусыз соққының астына алған сәті тарап кетті. Куәгерлердің бірі оқиғаны жасырын түсіріп, желіге жүктеген. Кейіннен әжейді ұрған әйелдің денсаулығында кінәраты бары анықталды. 

Желіде әжейді аяусыз жұдырықтап ұрған әйелдің видеосы тарады. Әйел кішкентай қызының көзінше әжейді ұрып-соққан. Желі қолданушылары қауқарсыз әжейді ұрған әйелді сынға алды. 

Журналист Ирина Советжанқызының хабарлауынша, әжені ұрған әйелдің денсаулығында кінәраты бар. 

"Достар, бұл видеоны маған көп адам жіберді. Анасын ұрған әйелдің ақыл-есінің дұрыстығына күмәнмен қарап, алдымен анықтап алайын дегенмін. Расында да "ақыл есінің ауытқуы бар науқас әйел"деді көршілері. Бірақ өзі әрең жүрген әжейдің не себепті науқас қыздың қасында қараусыз қалғанын сұрастырып жатырмын. Әжейдің үйіне барып, жағдайын біліп келдік. Жаным әжей, "ренжімеймін" деп қояды. Қызының науқас екені жауаптарынан білініп тұр. Пікір жазғанда артық кетпейік, достар. Кімді, не күтіп тұрғанын ешкім білмейді. Бекен деген азамат қызы анасын ұрған Сандуғаштың денсаулығында кінарат бар екенін айғақтайтын анықтама қағазын да видеоға түсіріпті", - деп жазды Ирина Советжанқызы желіде. 

Алайда желі қолданушылары ақыл-есі кеміс адамның емін-еркін кейуананы ұрғанына, оған қарсы шыққанына наразы болды. 

"Енді не істеуге болады? Сонда бұл әжей таяқ жеп жүре береді ме? Шешімі бар ма?", "Қандай жағдай болса да ұруға қақсы жоқ ата-ананы", "Әже байғұс ауызына құм құйылғандай жақ ашалмай отыр. Қазақ айтады әке-шешен жынды болса байлап бақ деп. Қандай жағдай болмасын анасына қол көтергені дұрыс емес", "Сенімсіздеу екен", "Қалайша жақсы? Кеше ғана ұрып- соғып теуіп жатыр еді ғой", деп жазды олар.

Талқылау