AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде "Sputnik V атауы егілгендерді жерсерік арқылы бақылайтынын білдіреді" деген ақпарат тарады

Желіде COVID-19 қарсы Sputnik V вакцинасының атауы “препаратпен егілгендерді жерсеріктер арқылы бақылайтынын білдіреді” деген хабарлама тарады. Алайда бұл жалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake сайтына сілтеме жасап. 

Ресейлік Sputnik V вакцинасы – әлемде алғашқы болып тіркелген COVID-19 қарсы екпе. Ол жердің алғашқы жасанды жерсерігі "Спутник-1"-дің құрметіне аталды.

Жерсерік КСРО-да 1997 жылы 4 қазанда іске қосылған. Екпе атаудағы V әрпі жеңіс деген сөзді білдіреді және COVID-19 ауруын жеңудің белгісі болып табылады.

Вакцинацияланған адамдарды бақылау – вакциналарда белгілі бір микрочиптер бар деген жалған болжамнан туындаған қастандық теориясы. 

Хабарламада айтылған Sputnik V құрамында адам жасушалары бар деген пікір де дұрыс емес. Вакцинаны жасаушылар препарат құрамында адамның да, жануардың да жасушалары жоқ екенін мәлімдеген болатын.

Демек, вакцинацияланған адамдарды жерсеріктердің көмегімен бақылайтыны туралы теориялар дұрыс емес. КВИ қарсы вакцина әлемдегі алғашқы жасанды жерсерігінің құрметіне аталған, өйткені ол да осы аурудың алдын алуға арналған дәрі-дәрмектің ішінде әлемде бірінші болып тіркелген. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр