Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана маңында жабайы түлкі балықшылардың олжасы салынған арбаны ұрламақ болған

Фото: Желі кадрларынан скрин

Желіде Астана маңында түлкінің балықшылар аулап қойған бір арба олжасын сүйреп алып кетпек болған сәті тарады. Қызық оқиғада түлкі балықтарды аулаған қожайынын көрсе де қорықпай арбаны сүйрей береді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желі кадрларында балықшылар олжаларынан айырылып қалуға қалған. Қызық оқиға Астанадан алыс емес жерде болған.

Балық аулау кезінде дала түлкісі ұсталған балықтар салынған арбаны сүйреп әкетпекші болған. Жыртқышты адамдардың болуы да тоқтатпады.

“Көрдіңіздер ме, балықтың бәрін алып кеткісі келеді. Тіпті қорықпайды. Бірінші рет көріп тұрмын мұндай түлкіні. Тіпті саспайды”, – делінген видеода.

Түлкі жемтікті тартып әкетуге тырысқанымен балықшылар ұстаған балықтарын бермеді. Бірнеше сәтсіз әрекеттен кейін түлкі шегінуге мәжбүр болған.



Желі қолданушылары қызық оқиғаны күліп талқылады.

“Дәл ертегідегідей болыпты ғой”, “Ең болмағанда 1-2 балық беріңізші, жегісі келіп тұр ғой”, “Балық емес, бірден арбасымен алып кетпек болыпты ғой”, “Қандай сүйкімді”, “Қандай батыл түлкі, балаларына апарғысы келді ме екен”, “Қу түлкі қулығын асырмақ болған ғой”,  – деп жазды жұртшылық. 

STAN.KZ
Жексенбі, 11 Қаңтар, 2026 12:47