Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде қонаққа ақшадан шапан жапқандардың видеосы талқыға түсті

Тойдағы видеоФото: Видеодан скриншот

Желіде ақшадан жасалған шапан киген ер адамның видеосы тарады. Кадрлардан шапан тойға арнайылап жасалып, қонаққа сыйға тартылғанын байқауға болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желіде тараған видеода 10 мың теңгелік купюралардан жасалған шапанның той үстінде сыйға тартылғаны көрсетілген. Шапанмен бірге бас киім мен қолдаптар бірге жүреді. Видео бірнеше күннің ішінде 10 мыңға жуық қаралым мен 4 мыңнан астам лайк жинаған.

Желі қолданушылары бұл шапан тек мақтаныш мақсатында жасалатынын жазып жатыр.

“Біреуі бастады, енді қалғандары жалғастырады. Бітпейтін понт”, “Әйтеуір мақтаншақтық”, “Адамдардың шығармайтындары жоқ”, “Еріккендердің тірлігі”, – деп жазып жатыр.

Мұндай шапандардың номиналы 20 мың теңгеден бастап 1 млн теңге және одан да жоғары болуы мүмкін.

Айта кетейік, 2022 жылы да желіде АҚШ долларынан жасалған шапанның видеосы тараған болатын. Ол видео да қолданушылардың пікірін екіге бөлді. Дегенмен әлеуметтік желіде тойлардағы осындай сәнді сыйлықтар түсірілген видеолар қазір де жиі тарайды.

Еске салайық, енді Қырғызстанда тойлар мен мерекелік шаралар сағат 22:00-де аяқталатыны хабарланған болатын.

Айнұр Мұхади
Жұма, 14 Қараша, 2025 18:28
Талқылау