Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желі қолданушылары Қазыбек биді бала, Төле биді шал деп жазған мектеп оқулығын сынға алды

Әлеуметтік желіде 4-сыныпқа арналған мектеп оқулығында мәтінге байланысты дау туды.

Желі қолданушылары Қазыбек биді бала, Төле биді шал деп жазған мектеп оқулығын сынға алды

Facebook қолданушысы Дина Елгезек 4-сынып оқулығының сауатсыз екенін, онда Қазыбек би мен Төле биді ақылға қонымсыз етіп сипаттағанын айтады.

Желі қолданушылары Қазыбек биді бала, Төле биді шал деп жазған мектеп оқулығын сынға алды

“7-сыныпқа арналған әдеби оқулық. Қазыбек би 1667 жылы туылған, Төле би 1663 жылы туылған. Төле би Қазыбектен 4 жас үлкен. Ал енді, 4-сыныпқа арналған әдеби оқулықта “Қазыбек бидің шешендігі” деген шығармада Төле биді кемеңгер шал, Қазыбекті жас шыбық бала етіп суреттейді… 25 жылда отандық оқулықтағы олқылықтарды жөндеуге болатын еді ғой…”, – деп жазады Дина Елгезек.

Желі қолданушылары Қазыбек биді бала, Төле биді шал деп жазған мектеп оқулығын сынға алды

Бұған қоса журналист Есболат Айдабосын 4-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығындағы мәтінде автор Боданбек, Шоғанбектен басқа кейіпкер есімін таппай қалған ба деп күйінеді.

Желі қолданушылары Қазыбек биді бала, Төле биді шал деп жазған мектеп оқулығын сынға алды

Желі қолданушылары аталған оқулықтағы олқылықтарды айтып қызу талқылады. Олар мұндай қателіктердің алдын алу керектігін айтып сынға алды.


Тағы оқыңыз >>>

Төле би келінін қалай таңдаған 

Талқылау