Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жел соғып, бұршақ жауады, аяз күтіледі: Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жасады

Қазгидромет еліміздегі алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жасады. 19-21 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде күн күркіреп, екпінді жел соғады, бұршақ жауады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Еліміздің батысында және солтүстік-батысында антициклон сілемінің әсерінен ашық ауа райы күтіледі. Сондай-ақ, республиканың солтүстігі мен орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі. 

Батыста күндіз 20...31° жылы, түнде 5...18° аяз күтіледі. Солтүстік-батыс пен солтүстікте ауа температурасы түнде 3...11°С дейін төмендейді. Күндіз 13...25°С дейін көтеріледі деп күтілуде.

Орталықта ауа температурасы түнде 2...10°С дейін төмендейді. Ал күндіз 13...21°С болады деп болжануда. Шығыста түнде 3...11° аяз күтілуде. Күндіз ауа температурасы 10...18° дейін төмендейді.

Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы 8...13°С дейін төмендейді. Ал таулы аймақтарда түнде -2...3°С дейін төмендейді деп күтілуде. Күндіз ауа температурасы 15...25°С, таулы аймақтарда 5...10°С дейін төмендейді. 

Талқылау