Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жел күшейіп, тұман түседі": "Қазгидромет" алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Қазгидромет Қазақстан бойынша алдағы 7-9 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Мамандардың айтуынша, ел аймақтарында күздің тұрақсыз ауа райы байқалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет pexels-тен

Синоптиктер қысым түзілістерінің өзгеруіне орай, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталатынын жеткізді. Атап айтқанда, алдағы күндері жауын-шашын күтіледі. Қар аралас жаңбыр жауады. 8-9 қарашада оңтүстікте және еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.

Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында ауа температурасы түнде 0-8 градус аяздан 0-5 градусқа дейін, шығыста 2-13 градус аяздан 0-8 градусқа дейін, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 2-5 градус аяздан 3-10 градусқа дейін температураның жоғарылауы күтіледі.

Талқылау