Жел күшейіп, тұман түседі: Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды
Синоптиктер 2023 жылғы 11-13 қарашаға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде кезекті Атлантикалық циклонмен жауын-шашынды, бұл ретте қараша айы үшін жылы ауа райы күтіледі.
Циклон батыстан шығысқа қарай жылжып, өз жолында қарқынды жауын-шашын тудырады: түнгі уақытта жаңбыр мен қар түрінде, күндізгі уақытта негізінен жаңбыр түрінде, қатты жаңбыр 11 қарашада солтүстік-батыста, 12 қарашада оңтүстікте, 13 қарашада оңтүстік-шығыста, қатты жауын-шашын (жаңбыр мен қар түрінде) оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында күтіледі.
12 қарашадан бастап антициклон жотасы батысқа қарай жылжуынан жауын-шашын тоқтайды және күндізгі ауа температурасы 8-18 жылыға дейін жоғарылады деп күтілуде. Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болжанады.
Еске салсақ, осыған дейін Қазгидромет қарашадан наурыз айына дейінгі ауа райы болжамын жариялаған болатын.

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
