Жел күшейіп, шаңды дауыл соғады: Аптаның басында ауа райы құбылмалы болады
Дүйсенбі күні республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады - жаңбыр жауады, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Тек Қазақстанның оңтүстік бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазгидрометтің хабарлауынша кей жерлерде жел күшейеді, еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл, солтүстігінде бұрқасын болады.
Дүйсенбіде Атырау облысында кей жерлерде шаңды дауыл болады. Батыс, оңтүстік-батыстан жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
29 маусымда Ақтөбе облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік, солтүстік-батыстан жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысында оңтүстік-батыс және батыстан соққан жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысында кей жерлерде найзағай ойнайды. Батыс, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, бұршақ жауады, солтүстік-шығыстан және шығыстан 15-20 м/с жел тұрады.
Ақмола облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, оңтүстік-батыстан жел соғады, батыстан 15-20 м/с жел тұрады.
29 маусымда Нұр сұлтанда күн күркіреп, оңтүстік-батыстан жел соғады, батысында 15-20 м/с жел тұрады.
Қарағанды облысында кей жерлерде найзағай, бұршақболады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жаңбыр жауады. 29 маусым күні кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Батыс, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 23-28 м/с.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
