Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеке шотында 500 миллион теңгесі бар қазақстандық баласына 30 мың теңге ғана алимент төлеген

Жеке шотында 500 миллион теңгесі бар ақтөбелік ер адам ұлына ай сайын алимент ретінде 30 мың теңге ғана аударып отырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Время басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

алимент

Фото: Pexels.com

Ақтөбе соты әйелдің бұрынғы күйеуінің үстінен жазған арызын қарады. Әйел бұрынғы күйеуінен үлеспен де, белгіленген ақшалай да алимент өндіруді талап еткен.

Ол сотталушының отбасының кәсібі туралы білгеннен кейін осындай қадамға барды. Әйел баланың әкесі алимент мөлшерін азайту үшін табысын әдейі төмендетіп отыр деп есептеген.

Ресми сотталушы ата-анасының меншігіндегі дәріханада жұмыс істеген. Жалақысын 120 мың теңге деп бекіткен. Осы ақшадан ай сайын 30 мың алимент төлеп тұрған.

Алайда 2022 жылдан бастап 2024 жылдың қыркүйегіне дейін оның банктік шоттарына 7 миллионнан астам ақша аударылып, шотында 512,7 миллион теңге жиналған.

“Ер адам бұл қаражат ата-анасына тиесілі екенін айтты, бірақ сөзін растайтын дәлел келтірмеді. Сонымен қатар сотталушының атына екі автокөлік тіркелген. Сот мұны кірісін жасыру мүмкіндігі деп таныды. Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жауапкерден айлық табысының төрттен бір бөлігі мөлшерінде алимент өндіру туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар ол ай сайын 20 АЕК, яғни 78,6 мың теңге тұрақты ақшалай сома төлейді”, – делінген хабарламада.

Талқылау