"Жеке шауып көру керек": Бағлан Әбдірайымов тосын жаңалығын бөлісті
“Жігіттер” тобының әншісі, актер Бағлан Әбдірайымов шығармашылыққа қатысты тосын мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жеке парақшадан алынды
Өнер иесі топтан бөлінгісі келетінін жасырмады.
“Мен бір шешімге келдім. Хайырлысы сол болды. Бөліну емес, шыңдалу деп ойлау керек. Жеке бір шауып көру керек болып тұр. 22 жыл ажырамай жүр екенбіз”, – деп жазды топ солисі.
-
"Жан-жаққа кеттік": Бағлан Әбдірайымов "Жігіттер" тобына қатысты ойын бөлісті
-
"500 мың доллар кетті": Бағлан Әбдірайымов құмар ойынға тәуелді болған кезін есіне алды
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, топтан кетпеуін өтініп жатыр.
“Топтың сәні кетіп қалады. Көз үйреніп қалып еді”, “Бөлінбей-ақ, жеке орындаушы болып жүруге болмай ма?!”, “Мүмкін, ән айтуды қоятын шығар”, “Жігіттермен қырылып қалған”, “Еркін бар кездегі жігіттер от еді”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, Бағлан Әбдірайымов Алматы әуежайының қызметкерін құтқарған ағасына қолдау білдірген еді.