"Цунами қаупі төніп тұр": Тағы бір елде 7,1 балдық жер сілкінісі болды
Тынық мұхитының оңтүстік-батысындағы Тонга корольдігінде 7,1 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: 123RF/Petrovich13
Жерасты дүмпулері эпицентрден 76 шақырым жерде орналасқан Пангай қаласында сезілді. Жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте орналасқан. Әзірге қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Метеорологтар цунами қаупі туралы ескертті.
Айта кетейік, бұған дейін Мьянмадағы 7,7 балдық жер сілкінісінен кейін Бангкокта ғимараттар опырылып түскен еді. Кейіннен Мьянмадағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1700-ге жеткені айтылған.
"Мәйіттің арқасы көгерген": ҚазҰУ-да жатақханадан өлі табылған студенттің анасы қызының өліміне қатысты күмәнін айтты
Қыздың анасы қызының өліміне қатысты барлық мән-жайдың анықталып, шындықтың ашылғанын қалайтынын айтты
Қара түтінге шағымданған алматылыққа зертханалық сараптаманы өзі жүргізу талап етілген
Ғимарат Қарасу шағын ауданында орналасқан