Жеке өмірі туралы бар шындықты айтқан Ақбота көз жасына ерік берді
Ақбота Сейітмағамбет “Хабар” арнасының “Тікелей эфир” бағдарламасына қатысып, жеке өмірі туралы бар шындықты ашып айтты. Жас әнші қазіргі уақытта Дәурен Айдарқұловпен бірге тұрмайтынын ашық айтты. Десе де, онымен бірге той басқарып жүргенін, тіпті, шетелде бірге демалып келгенін жасырмады, деп жазады Stan.kz.
“Иә, Дәуренмен араласамыз. Баламыз да, жұмысымыз да ортақ. Бірге жұмыс істейміз, жасырмаймын. Бірақ біраз уақыт болып қалды, бірге тұрмаймыз.
Мен келін болып түстім, орамал басыма салынды. Бөлек еншімізді алып шықтық. Сөйтіп жүргенде бір-бірімізді түсіне алмай кеттік. Өзіміз келісіп, біраз уақыт бөлек тұрайық деп шештік. Сөйтіп екіге айырылдық. Бірақ баламыз бар. Жұрттан жасырмаймыз, кездесеміз, баласымен кез келген уақытта кездеседі. Ол кісіні жамандай алмаймын, себебі өте балажан. Ал баламды өзім барлық жерде бірге алып жүремін”, – дейді Ақбота.
Ақбота экс-күйеуі Дәуреннің қамқор әке әрі жақсы адам екенін атап өтті. Алайда жеке өмірге келгенде мінезіміздің келіспейтін тұстары бар деп ағынан жарылды ол. Ақбота экс-күйеуіне бір сөзбен “мамасының баласы” деп баға берді. Алайда ештеңеге қарамастан, бұрынғы ата-енесімен жақсы қарым-қатынаста екенін де айтты.
“Ата-енем мені жақсы қабылдады, өз қыздарындай қарады. Ажырасамыз дегенде қатты таңғалды. Бірақ: “Біраз уақыт бірге тұрып көріңдер, елді біраз шулаттыңдар, араларыңда махаббат бар”, – деді. Ол кісіге мін де айта алмаймын. Менің баламды өздерінің басқа немерелерінен кем де, артық та көрмейді. Ол кісілерге алғысым шексіз”, – деген Ақбота экс-күйеуі Дәуреннің қазіргі уақытта ата-анасымен бірге тұрып жатқанын айтты.
Жіберіп алмаңыз:
Еспанов Абай Бегейдің 500 қонағын тыңдата алмай ұятқа қалды
Мәдениет қайраткері: Тұрсынбек Қабатовтың өзі қазақтың тілін мазақтап тұрғанына парасаты жетпей ме?
Мақпал Жүнісова “Зың-зың” әнінің авторынан кешірім сұрады
Гүлзира ханым келіні Жұлдыздың бір сұхбаттын 50 мың АҚШ долларына сатпақшы