Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлзира ханым келіні Жұлдыздың бір сұхбаттын 50 мың АҚШ долларына сатпақшы

Гүлзира Айдарбекова келіні барын жақында ғана мойындап, елге таныстырғанымен продюсердің шоу-бизнесте көздегені басқа болып шықты,-деп жазды Stan.kz  сайты.

Соңғы кездері Гүлзира ханымның келіні барын мойындамауға амалы қалмағаны белгілі. Журналистер бұған дейін бар адамды жоқ деп жұрген Қайрат пен Гүлзира ханымның өтірігін ашқаны ел есінде. Ол жерде тілшілер Қайрат пен Жұлдыз білім алған колледжге барып, ұстаздарынан бар шындықты сұрап алған еді. Бұл мәліметке дейін де әлеуметтік желілерде  Қайрат пен Жұлдыздың, балаларының суреттері тарап кеткен еді. Ал әншінің көмекшілері болса бұл туралы жазған журналистермен соттасуға дейін баратын.

Осыдан кейін халық Қайраттың отбасылы екенін анық білді, тек оның өзі мен продюсері әрі анасы Гүлзира ханымның аузынан есітуді қалайтындай. Себебі, үнемі  “Қайрат үленген”, “Үйленбеген” деген талас туатын. Мұны түсінген шоу-бизнесте тәжірибесі мол ана  келінін де танымал етудің жолын көздесе керек, кино түсіріп оны да халыққа жақсы өткізе білді.

Енді продюсер ханым ел алдында әдемілігін және актерлік қабілетін көрсеткен Жұлдыздың қандай адам екенін құпия сақтауға көшіпті. Ол құпияның кілті де Гүлзира ханымда. Құны 50 мың АҚШ долларына бағаланып отыр. Бұл дегеніңіз  актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың сұхбатының бағасы.

Енесі әрі продюсері Гүлзира ханым келінімен сұхбаттасуды сұраған журналистерге «бастықтарыңа айтабарыңдар» деп осындай сәлемдеме айтып жібереді екен.  Келісім бойынша 10 жыл төрт баласын бағып отырған келіншек журналист не сұраса да барлық сұрағына жауап береді. Әрі бірнеше уақыт бойы өзге арналар мен басылымдарға сұхбат бермейді екен.

Бірақ бұл сұхбаттың құнын барлық БАҚ білгенімен, ешқайсысы сатып алуға ниет білдірмепті. Тіпті, ол келіншектен сондай маңызды не сұрауға болады деп ойланып жатқандары да бар екен.

Бұл ой продюсердің бұрыннан кележатқан жоспары болуы мүмкін. Себебі біраз басылымдар мұндай ақпаратты кино жарыққа шықпай тұрып білген. Бірақ мынадай қомақты қаржыға Әбдікәрімованың сұхбатын  сатып алуды ешқандай арна  қаламаған сыңайлы.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Ұқсас мақалалар:

Мұқасан Шахзадаев Төреғалиға: Халық мақтап жатыр екен деп бетімен кетуге болмайды (видео)

Сәдуақасовадан Смағұловаға: Әнші Мәдина тегін өзгертуге бел буды

Кенжебек Жанәбілов: “Музарт” деген кезде көлеңкеде қалғандай сезінемін

Алтынай Жорабаева экс-күйеуі Әбдіхалықовтың қыздарын іздемейтінін айтты

Ауыпбаев “Меломен” тобымен татуласты: Ол топқа қайта орала ма?

Талқылау