Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеке медициналық мекемелер коронавирусты емдеуге көмектесе ме: Министрлік айтып берді

ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев онлайн-брифинг барысында коронавирусты емдеуге мемлекеттік мекемелердің толыққаны дайын екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Коронавирустың екінші толқынына дайындық барысында мемлекет жеке медициналық мекемелермен келісім шарттар жүргізіп жатқан көрінеді. Алайда, жеке ұйымдар тек қана жағдай аса ауыр болған кезде ғана көмекке келмек. 

"Өңірлерде инфекциялық провизорлық ауруханалардың барлығы жаңартылып, кейбір аймақтарда жаңа ауруханалар пайдалануға берілді. Екінші толқын бола қалған жағдайда деп дайындық жұмыстары жүргізілді. Екінші толқын бола қалған жағдайда мемлекет тарапынан жеке медициналық ұйымдармен бірлескен жұмыстар жүргізіледі. Бірақ біздің дайындығымыз жеткілікті. Алайда, келісімшарттар жасалмады емес, жасалып жатыр. Олармен алдағы уақытта бөлісетін боламыз", - дейді Байтанбаев. 

Еске сала кетейік, осыған дейін вице-министр Ажар Ғиният коронавирустың екінші толқыны бола қалса, жеке медициналық ұйымдардың да емдеу шараларына жұмылдырылатынын айтқан болатын.

STAN.KZ
Бейсенбі, 12 Қараша, 2020 16:37
Талқылау