"Жеке көлік жүргізушісі бар": Қайрат Нұртас ұлы Ханға көлік мінгізді
Фото: Видеодан скриншот
Танымал хитмен Қайрат Нұртас ұлы Ханға көлік мінгізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жақсы жаңалықты әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова жариялады.
“Ханды құттықтап қоюларыңызға болады. Машиналы болды. Папасының да, мамасының да қолы тимейді. Жеке көлік жүргізушісі тасиды”, – деп жазды продюсер.
Сондай-ақ әншінің көмекшісі де су жаңа темір тұлпарды тізгіндеген жеткіншекті құттықтады.
“Құтты болсын! Көлігің хайырлы болсын! Әкеңе есікті ашып беріп отырасың. Берекелі болсын!”, – деп тілек білдірді видеограф.
-
"Жұлдызды менсінбейді": Гүлзира Айдарбекова ортаншы келінін туған күнімен құттықтады
-
"Енді теңін тапты": Қайрат Нұртастың анасы қалыңдықпен түскен суреттерінен кейін ұлын жақтады
Еске салайық, Қайрат Нұртастың үлкен қызы Сезім Англияға оқуға кеткен еді.
“Қос әулеттің алғашқы қуанышы! Атасының қызы! Апасының гүлі! Әкесінің тұңғышы! Анасының бақыты! Бауырларының бағыты! Ұстаздарының мақтанышы! Бүгінде бойжетіп, өмірдегі үлкен әрі жауапты білім деген жолға аттанып, студент атанды! Жаратқан жар болсын!" – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Министр Нұртілеу ұсталды деген сыбыс қазақстандықтарды дүрліктірді: Бұл істің соңы немен бітті, Бажкенованы не күтіп тұр?
