Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жеке кәсіпкерлікті банк қосымшалары арқылы ашуға  болады

Жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламаны www.egov.kz порталында, сондай-ақ Kaspi.kz, Halyk Bank  банк қосымшаларында жіберуге болады, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеп.

мобильны

Жеке кәсіпкерді ашу үшін жеке тұлғадан дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама жіберуі жеткілікті.

Бұдан былай қазақстандықтар Halyk Bank мобилді қосымшасында іске асырылған жаңа сервистің көмегімен  үйден шықпай-ақ жеке кәсіпкерлікті тіркей алады. Осыған дейін бұл хабарламаны www.egov.kz электрондық үкімет порталында, сондай-ақ Kaspi.kz қосымшасында жіберу мүмкіндігі болған.

Хабарламаны Halyk Bank қосымшасында бірнеше батырмаларды басу арқылы жіберуге болады. «ЖК болу» сілтемесі бойынша өтсе жеткілікті. Одан кейін, жүйе алдағы қадамдарды ұсынады. Сондай-ақ, ЖК ашудың барлық процесі 5 минуттан аспайды.

Ескере кететін жайт, нысанды толтыру кезінде жеке тұлға қызметті жүзеге асыруды жоспарлап отырған облыстың мемлекеттік кірістер органының кодын, жеке кәсіпкердің атауын, мекен-жайын, жүзеге асырылатын қызмет түрін, сондай-ақ салық салу режимін таңдауы керек.

Хабарламаға жеке тұлғаның электронды цифрлық қолтанбасымен қол қою керек. Келесі күні жеке кәсіпкер ретінде тіркеуді мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында тексеруге болады.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 13 Қаңтар, 2021 15:38
Талқылау